Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.
«Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы көтерілді. Сондай бастамалардың ішінен Шығыстан шыққан ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Жұмабек Ержан Жұмабекұлы Семей медицина университетінің студенттерімен кездесіп, жастардың қойған сұрақтарына жауап береді. Жетістіктерінің сырымен бөлісіп, алға қойған мақсатқа жетудің жолдарын көрсетті, жастарға пайдалы кеңестерін ұсынды.
Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.М. Абешова