Есірткі және психотроптық заттардың қолданылуын болдырмау

       2018 жылғы 21 қараша күні филологиялық пәндер кафедрасында 1 курс студенттері 109 ЖМ (кураторы М.Д. Жорокпаева), 111 ЖМ (кураторы М.С. Нургазина), 113 ЖМ (кураторы Н.М. Абешова), 129 ЖМ (кураторы Б.Р.Тубекбаева) кураторлық топтарының арасында «Есірткі және психотроптық заттардың қолданылуын болдырмау» тақырыбында наркология кафедрасының ассистенті Е.К. Шаймардановпен кездесу өткізілді. 

      Дәріс барысында есірткі және ПАЗ (психоактивті заттардың) организмге теріс әсер етуі, есірткіге тәуелділік, асқыну жолдары және алдын алу мәселелері қарастырылды, статистикалық деректер ұсынылды. Бейне ролик арқылы есірткі түрлері, есірткілерді қоғамның қанша бөлігі қолданатыны, адамның осы құралдарды қабылдағанға дейін және қабылдағаннан кейінгі сыртқы және ішкі тұлғасында болатын өзгерістер көрсетілді. Студенттер бұл мәселені талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойылды.

 

Оқытушы, куратор Б.Р. Тубекбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі