2018 жылдың қараша айының 21 жұлдызы – Дүниежүзілік сәлемдесу күні. Оның басты мақсаты – бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару. Ең алғаш 1973 жылы Египет пен Израиль арасындағы шиеленісті шешу үшін «сәлемдесу» мерекесін ағайынды Майкл мен Брайен Маккомак ойлап тапқан. Бұл идеяны 180 мемлекет қолдаған. Осы сәттен бастап, әр жыл сайын тойланып келе жатқан мейрамды куратор С.К. Нуртазина басшылығымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 402 топ студенттері эпидемиология және жалпы гигиена кафедрасында атап өтті. Студент М.М. Мұратова ұйымдастыруымен кафедра ішінде жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатымен стикерлер таратылды. 301 және 302 ҚДС топ студенттеріне жалпы сәлемдесу ережелері жөнінде презентация ұсынып, артынан оны қызу талқылады.
402 топ куроторы С.К. Нуртазина