Қозғалыс еркін және эмоцияларды мінездемесінің клиникалық өзгерісінің бұзылыстарын және осындай жағдайлар кезінде салыстырмалы диагностикасын зерттеу мақсатында Семей мемлекеттік медициналық университетінде 124 және 116 топ студенттері «Психиатрия-наркология жөнінде пікір алмасу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге наркология ассистенті Шаймарданов Ержан Кубайдоллаұлы шақырылды. 116-топ студенті Мұқаш Жаннұр «Нашақорлық-қатерлі індет», 124-топтан Мұқан Бақбүрлен «Психотропты заттарға жалпы сипаттама» тақырыбында баяндамаларын оқыды. Дөңгелек үстел барысында слайдтар мен видеороликтер көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Жалпы медицина мамандығының 530-топ студенттері Тоқанова Гүлжанат пен Төлеуханов Думан көрсетілген видеоролик бойынша өз ойларымен бөлісті. Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы Ғазиз Д.Е. қатысқан студенттерге жылы лебізін білдірді. Іс-шара соңында филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары, 116, 124 топ кураторлары Б.А. Жоргатаева, Ж.Қ. Жайрбаева белсене қатысқан студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.
Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары,
116 топ кураторы Б.А. Жоргатаева
124 топ кураторы Ж.Қ. Жайрбаева