Оқушылардың гендердік тәрбиесі

Санитарлық-ағарту жұмысы барысында, 401 «Қоғамдық денсаулық сақтау» тобының студенттері Н. Рахметуллина, Ф. Имашева және Р. Реймер, топ кураторы Ш.М. Токешевамен бірге, гендерлік білім беру мақсатында №6 гимназияның 5-сынып оқушыларына іс-шара жүргізді. Оқушыларға тақырыптық презентациялар мен бейнероликтер ұсынылды, сондай-ақ, «Жыныстық жетілу» жаднамалары таратылды. Студенттер жыныстық жетілу белгілері, етеккір циклі, қыздардың денсаулығы үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығы туралы айтып берді. Оқушылар студенттерді қызығушылық танытып тыңдады және кері байланыс формасында сұрақтар қойды.

 

Эпидемиология және жалпы гигиена кафедрасының доценті Ш.М. Токешева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі