«Басқару мектебі» ұйымының алғашқы жалпыұйымдық жиналысы

2018 жылдың қараша айының 16 жұлдызында «Басқару мектебі» ұйымы алғашқы жалпыұйымдық жиналысын өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты жылдық жоспарды талқылап, әр шараға жауапты студенттерді бекіту. Сонымен қатар, жаңа бөлімдер ашылып, ұйым мүшелерінің қызмет дәрежелері ауысты. Дәурен Әбдіғазизов «Студенттерді қабылдау» бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды, осы қызметтегі алғашқы жұмысы ретінде ұйымға жаңадан 15 студент қабылданды. Келесі кезекте ұйым жетекшісі Д.М. Рыманов 27-29 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өтетін салалық конференция жөнінде сөз қозғады. Университетіміздің атынан конференцияға қатысатын студенттер таңдалды. Жиналыс соңы марапаттаумен аяқталды. Ұйымға сіңірген еңбектері үшін А. Жексенаева мен О. Табашникова алғыс хаттармен мадақталса, баспасөз хатшысы Адай Жеңісбеков ұйымның "Құрметті мүшесі" атағымен мадақталды.

 

«Басқару мектебі» ұйымының баспасөз хатшысы Адай Жеңісбеков

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі