2018 жылғы 22 қараша күні қалыпты физиология кафедрасында кафедра оқытушыларының бастамасымен «Басқару мектебі» жастар ұйымы ұйымдастырған «Қалыпты физиология» пәнінен «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері арасында пән олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Бірінші кезең тест түрінде өтті. Жалпы саны 40 сұрақтан тұратын тестті тапсыруға 40 минут берілді. Тест барысында ешқандай келеңсіз жайттар орын алмады, барлығы ойдағыдай өтті. Келесі кезең 5 желтоқсан күні клиникалық тапсырмалар түрінде өтеді.
Қалыпты физиология кафедрасы
«Басқару мектебі» ұйымының хатшысы Адай Жеңісбеков