Школатың басшылығы мен қызметкерлері (Б.Т. Шакирова, әдіскерлер А.К.Урстемова және Л.Е.Мигина) екі апта қатарынан шет елдік студенттер жатақханасында санитарлық-тұрмыстық және гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Тазалық нормаларын және ережелерін тексеру үшін «Гармония» поликлиникасының терапевт-дәрігері А.М. Құрманғалиева да шақырылды.
Ұлдар мен қыздар бөлек қабаттарда тұрады. Барлық қыздар бесінші қабатта тұрады. Олардың бөлмелері таза және ұқыпты. Ұлдар біріншіден төртінші қабатқа дейінгі бөлмелерде тұрады. Көбінесе бөлмеде таза. Бірақ кейбір бөлмелерде тазалық сақталынбаған, кір. Бұл туралы жатақхана тұрғындарына түсініктеме бердік, сондай-ақ жатақхана әкімшілігіне хабарладық. Біз студенттердің тұратын бөлмелерін ғана тексерген жоқпыз. Сондай-ақ қызметтік бөлмелердің санитарлық жағдайын тексердік – бірінші мен бесінші қабаттардағы асханалар, барлық қабаттардағы дәретханалар мен жуынатын бөлмелер.
Шетел бөлімі деканы орынбасары
Шакирова Б.Т.