Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінде философия докторы (PhD) дәрежесіне 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша Прилуцкая Мария Валерьевнаның «Қазақстан Республикасында жаңа психобелсенді заттардың пайда болуымен туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының клиникалық-эпидемиологиялық сараптамасы» тақырыбына диссертация қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің Павлодар филиалының жалпы дәригерлік практикасы және терапия кафедрасында дайындалды.
Қорғау тілі: орысша
Рецензенттер:
Субханбердина Алия Салькеновна – медицина ғылымдарының докторы (14.00.18 – психиатрия, 14.00.45 – наркология), Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия, наркология және неврология кафедрасының профессоры, Алматы қ.
Павленко Валерий Петрович – медицина ғылымдарының докторы (03.14.03 – патологиялық физиология, 03.14.06 – фармакология, клиникалық фармакология), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің неврология, психиатрия және наркология кафедрасының психиатрия және наркология курсынан жауапты, Ақтөбе қ.
Ғылыми кеңесшілер:
Молчанов Сергей Николаевич – медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалының жалпы дәрігерлік практика мен терапиясы кафедрасы, Қазақстан.
Корацца Орнелла – қауымдастырылған профессор, «Химиялық тәуелділіктер» пәнінің оқытушысы, жаңа психикалық белсенді заттар бөлімінің, Өмір және медицина ғылымы мектебінің, Хертфордшир университетінің, клиникалық зерттеулер бойынша медицина докторларының бағдарлама директоры, Ұлыбритания.
Ғылыми қорғау 2018 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 14.00-де Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 103, үлкен конференц-залы.
Сайт мекен-жайы: smu.edu.kz
Ғылыми хатшы: м.ғ.к., доцент Токаева Алма Зейноллакызы
тел: (ұялы.) +77013559338, (жұмыс) 8 (7222) 522094 (і.н. 1092), e-mail: [email protected]
Техникалық хатшы: PhD Қасым Лаура Талғатқызы
тел: (ұялы.) +77777351062, (жұмыс.) 8(7222) 522094 (і.н.1092), e- mail: [email protected]
Қосымша №1 – аннотация,
Отзыв д.м.н. Субханбердиной А.С.