Тіл – татулық тірегі

2018 жылдың 23 қарашасында кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен және жалпы медицина мамандығы 104-топ студенттерінің қатысуымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

         Іс-шара барысында ұлтаралық достық қарым-қатынас мәселесіндегі тіл мәдениетінің атқаратын қызметі талқыланды. Осы тақырыпта кітаптардан көрме ұйымдастырылып, студенттерге таныстырылды. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қазез Аружан «Тіл – татулық тірегі» атты баяндама оқыды. Студенттер осы күннің өзекті мәселесіне айналған латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу, үштұғырлы тіл, мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында ой бөлісіп, пікір алмасты.

Аталмыш іс-шараға белсене қатысқаны үшін кітапхана бөлімінің атынан жалпы медицина мамандығының 104-топ студенттеріне алғысымызды білдіреміз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі