Студенттер инъекция енгізу техникасын үйренді

Студенттер инъекция енгізу техникасын үйренді

Инъекция – шприц немесе басқа инъекторларды қолданып, ерітінділер немесе суспензия түрінде дәрілік және диагностикалық заттарды организмге парентералды енгізу әдісі. Әр медициналық қызметкер инъекция әдісін жете білу керек.

2018 жылғы 6-8 қараша күндері Семей медицина университетінде KazMSA SMA Жергілікті комитеті SCOME Тұрақты комитетінің басшылығымен инъекцияны енгізу техникасын зерттеу бойынша іс-шара өткізілді. Университеттің 3 курс студенттері мастер-классты 1 және 2 курс студенттері үшін өткізді.

Іс-шара 2 кезеңнен тұрды. Бірінші күні мастер-класс асептика және антисептика негіздерін түсіндіруден басталды. Кейін қатысушылар стерильді қолғаптарды кию алгоритмімен танысты. 3 курс студенттері тері астына және тері ішіне инъекция жасау техникасын көрсетті. Одан әрі қатысушылар муляжда машықтарын пысықтап, бекіту мүмкіндігіне ие болды.

Екінші күні, студенттер бұлшықетішілік және көктамырішілік инъекция техникасымен танысты. Сондай-ақ, студенттер ампуладан дәрі-дәрмектерді флакондарда және жүйені орнату техникасына үйретілді. Ұйымдастырушылар мүмкін болатын постинъекциондық асқынулар туралы түсіндірді. Кейін студенттер алған білімдерін пысықтап, бекітті.

 

Мукашева Зауре,107 группа

КазМСА Scome

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі