2018 жылдың 7-8қараша күндері «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті Койшыбаева К.Ж. №39 жалпы орта білім беретін мектептің 3,5,8 сынып ата-аналарының арасында санитарлық-ағарту жұмысын өткізді.
Жиында серозды менингиттің Семей қ. бойынша таралуы, негізгі белгілері, жұғу жолдары, алдын-алу шаралары жөнінде толық, көрнекті-иллюстрациялық мағлұматтар берілді.
Жиынға ата-аналармен қоса мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері де қатысып, медицина қызметкеріне алғыстарын айтты.
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті
Койшыбаева К.Ж.