«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында тәрбие сабақ өтті

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті А.М. Қалидолданың ұйымдастыруымен 422 топ студенттері Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында тәрбие сабақ ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау болды.

Тәрбие сағаты барысында атап өтілгендей, атқа міну, жылқыны қолға үйрету сынды дәстүрлер ең алғаш қазақ халқында пайда болған. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы. Осы қазақ жерінде өмір сүрген түркі тілдес тайпалары ойлап тапқан қылыш, айбалта,  найза  –  технологиялық жаналық болып табылады. Еліміз сан алуан металл кендеріне бай.  Ата-бабаларымыз берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты.

Алтын мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «Аң стилі» өнері. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. 1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам»  халқымыздың алтын өндеу техникасын жақсы менгергенін көрсететін бірден-бір дәлел. Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Онтүстігін байланыстырушы желісі – «Ұлы Жібек жолы». Осы тақырып төнірегінде баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылып, студенттер пікірлерімен бөлісе отырып, патриоттық сезімдерін күшейтуге септігін тигізді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі