Мәңгілік ел жастары «Серпін» Ұлттық жобалар басқармасының басшысымен кездесу

Мәңгілік ел жастары «Серпін» Ұлттық жобалар басқармасының басшысымен кездесу

        2018 жылдың  қарашаның  23 жұлдызында «Серпін-2050 Мәңгілік ел жастары индустрияға» бағдарламасымен Семей медицина университетінде  оқитын студенттері Ұлттық бағдарламалар басқармасының төрайымы Сагиева Айгүл Хасеновнамен  кездесу өткізілді.  Аталмыш кездесуге  декан орынбасары Шуакбаева Жұлдыз Рамазанқызы мен Қазақстан тарихы және ЖБП кафедрасының аға оқытушысы Мұздыбаева Толқын Абдыгалымовна қатысты.  Кездесу мақсаты ұлттық бағдарламамен оқитын студенттердің тұрмыс жағдайымен танысып, мазалаған сұрақтарына жауап алу және  бағдарламаның жаңалықтарымен таныстыру болып табылады. Серпін жастарының сардары Бахрамова Мөлдір мен студенттер кездесу қонағына өздерінің ой-пікірлерімен сұрақтарымен бөлісіп отырды. Кеш соңында студенттер естелікке Айгүл Қасеновнамен фото суретке түсті.

      «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенті

Баяхметова Зауре

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі