Жолдауға арналған кураторлық сағат

 2018 жылы  24 қараша күні  Осы заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасының  оқытушысы,  «Жалпы медицина»  мамандығы  127 топ кураторы Табулдинова Г.Н.   кезекті кураторлық сағатын өткізді.  Кураторлық сағат  мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың   2018 жылы 5 қазанда шыққан  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын таныстыру мақсамен өткізілді. Куратор өз сөзінде жолдаудың негізгі  алты  бөлімдеріне тоқталып өтті. Бұл: 1. Халық табысының өсуі. 2. Тұрмыс сапасын арттыру. 3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру. 4. Азаматтар сұранысына  бейімделген мемлекеттік аппарат. 5. Тиімді сырты саясат. 6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы.      

Куратор  жолдаудың  әрбір бөлімінде көрсетілген  елбасы  қойған мақсат пен  міндеттерге де назар аударды. Сонымен бірге  кафедраның  қараша айындағы  тәрбие жұмысы  жоспарына  сәйкес  студенттерге университет  туралы  видеороликтер  көрсетіліп, университет тарихы туралы айтылды.

 127 топ кураторы Табулдинова Г.Н.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі