« Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған дөңгелек үстел

Қарашаның   26 күні шыққан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған  қараша күні № 2  қалалық ауруханада жалпы медицина бөлімінің   339  топ студенттері және топ кураторы «Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасының» оқытушысы Смагулова Нурлан Халеловнаның жетекшілігімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында мақала өзектілігі және халқымыздың мәдениеті мен тарихын мақтан етуге тұрарлық үлкен байлық екенін, мұндай баға жетпес тарихы бар мемлекетімізді әрбір Қазақстан азаматы мақтан тұтуы тиіс жайында ой толғанды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп мақала мазмұнын толық талқылады.

    Күн шуағы өзінен нұр береді

    Туған жерім сол нұрмен түрленеді

    Кең байтақ Егеменді туған жерім

    Елбасының еңбегімен гүлденеді.

   Ақорда  Алашының астанасы

   Байтерек  ең үлкен баспанасы

   Даласында Сарыарқаның самал өскен

   Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға екеніне көз жеткіздік.

Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасыны 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі