«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талдау мақсатында дөңгелек үстел

     Бүгін 23.11.18 ж 426 топ студенттерімен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Мейірманова З.Қ-мен  ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақала 2 тараудан турады:

 I Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт

  1. атқа міну мәдениеті
  2. ұлы даладағы ежелгі металлургия
  3. аң стилі
  4. Алтын адам
  5. Түркі әлемінің бесігі
  6. Ұлы Жібек жолы
  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

II Тарихи сананы жаңғырту

  1. Архив – 2025
  2. Ұлы даланың ұлы есімдері
  3. Түркі әлемінің генезисі
  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі тақырыптарында сөз қозғалды.Бұл мақаладан біздің түйгеніміз :

  Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған тарихымыз біздің шығармашылығымыздың бастауы екені. Біз бұрынғы жетістіктерімізге  қарап, болашаққа қарай сенімді қадам басуымыз керек. Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттық тарихымызды терең және объективті түрде тануға жаңа бағыт – бағдар болатыны анық. Біз  – тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқан ұрпағымыз! Осы мақаладағы ойды келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп білеміз!

Балалар кафедрасының пропедевтикасы.

 

Жарияланды: