«Рухани жанғыру»  бағдарламасына  сүйене отырып, клиникалық эндодонтия пәнінен 3 тілде пәндік олимпиада

«Рухани жанғыру» бағдарламасына сүйене отырып, клиникалық эндодонтия пәнінен 3 тілде пәндік олимпиада

       2018 жылы 20 қарашада терапиялық стоматология кафедрасының ассистенті Бекенова П.А. және 402 стоматология факультетінің студенттерінің ұйымдастырылуымен  «Рухани жанғыру»  бағдарламасына  сүйене отырып, клиникалық эндодонтия пәнінен 3 тілде пәндік олимпиада өтті.

     Олимпиаданың жүргізу мақсаты терапиялық стоматология кафедрасының  студенттері  әрқашан үйренуге және жаңа нәрселерді білуге құштарлық танытатын жоғарғы дәрежелі мамандарды тәрбиелеу  және студенттер арасында көп тілділікті жетілдіру. Олимпиадаға  401, 405, 406 топтар қатысты.

   Олимпиада 3 этаптан  тұрды.1 тур – тестілеу: іріктелу туры; 2 тур – клиникалық ойлау қабілетін дамыту (видео сценарий). 3 тур – финал ОСПЭ.

Қазылар алқасында каф. меңгерушісі доц. Хайдарова Н.Б., кафедра ассистенттері: Сыздыкаева С.М., Нургожина М.Е. болды. Олимпиада қорытындысы бойынша 1,2,3- орын белгіленді. Содан кейін белсенді қатысқан студенттер сертификаттармен марапатталды.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі