Серозды менингиттің алдын алу мақсатында санитарлы-эпидемияға қарсы шараларды сақтау

2018 жылғы 7-8 қараша күндері Балалар аурулары пропедевтикасы  кафедрасының ассистенті Құралай Қойшыбаева №39 жалпы орта білім беретін  мектептің 3, 5, 8 сынып ата-аналарының арасында санитарлық-ағарту жұмысын өткізді.

Жиында серозды менингиттің  Семей қаласы бойынша таралуы, негізгі белгілері, жұғу жолдары, алдын-алу шаралары жөнінде толық, көрнекті-иллюстрациялық  мағлұматтар берілді.

Жиынға ата-аналармен қоса мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері де қатысып, медицина қызметкеріне алғыстарын айтты.

 

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті

Қ.Ж. Қойшыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі