«ЖАС ПЕДАГОГ МЕКТЕБІ» ДЕҢГЕЙІНДЕГІ «ИНТЕГРИРЛЕНГЕН КЛИНИКАЛЫҚ СИМПОЗИУМ» СЕМИНАРЫ

 Факультативтік терапия кафедрасының ұйымдастырылуымен «Жас педагог мектебі» деңгейінде 23.11.18ж. «Интегрирленген клиникалық симпозиум» өткізілінді. Кафедра меңгерушісі Қасқабаева А.Ш. тыңдаушылардың назарына бір ортақ клиникалық жағдайдың шешімінде бірнеше кафедралардың мамандарымен интерирленген пән аралық принципті негіздей отыра жаңа білім беру бағдарламасының енгізілуінің өзектілігі бойынша презентация жасады.   Мақсаты: білім берудің негізгі қортындысына қол жетуде негізгі және клиникалық пәндер арасындағы байланыстар негізінде білім алушылардың компетенцияларын жақсарту.   Білім алушылар фактыларды бір тізбекке жинастыра отырып, нақты клиникалық жағдайдағы диагностиканың және дәлелдеу медицина тұрғысындағы емінің тағайындалуы бойынша толық сипаттама ала алады.симпозиумның жоспарлануы сұрақтарына, дайындық алгоритімініе, қажетті құжаттарға екпін жасалынды. Мысал ретінде клиникалық жағдаймен интегрирленген клиникалық симпозиуым ұсынылды:  ЖМ 4 курс студенттерінің Ішкі аурулар пәні бойынша ревматология блогы «Жүре пайда болған жүрек ақаулары». Студенттер арасындағы жүргізілген кері байланыс сараптамасының нәтижесінде,  100%-ы интеграция бойынша осы технология ішікі ауруларды оқуда білімдерін дамытуға және оны түсінуге, ғылыми зерттеу дағдысының ынталануына, критикалық және клиникалық ойдың жетілуіне ықпалын тигізгенін айтты. 90 % – командада жұмыс пен коммуникативтік дағдының қалыптасуынынң жақсарғанын айтты. Білім беру бағдарламасының интеграциясы, жоо медициналық түлектердің негізгі компетенциясын нәтижелі қалыптастыруда, негізгі және клиникалық пәндердің интегрирленген түрде оқылуы қазіргі уақыттағы медициналық білімді дамытудағы қажетті шарт болып табылады.  

Факультативтік терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Қасқабаева  А.Ш.

Жарияланды: