«Ұлы даланың жеті қыры» атты тәрбие сабақ

422 топ студенттері мен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Қалидолда А. М. –мен   Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты тәрбие сабақ ұйымдастырылды. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін, дінін еске алу мақсатында өткізілді. Атқа міну, жылқыны қолға үйрету сынды дәстүрлер ең алғаш қазақ халқында пайда болған. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі- батырлар заманының ең танымал эмблемасы. Осы қазақ жерінде өмір сүрген түркі тілдес тайпалары ойлап тапқан қылыш, айбалта,  найза  –  технологиялық жаналық болып табылады. Еліміз сан алуан металл кендеріне бай.  Ата –бабаларымыз берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Алтын мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі- «Аң стилі» өнері. Егемен Қазақстанның символдарының бірі –  жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам»  халқымыздың алтын өндеу техникасын жақсы менгергенін көрсететін бірден-бір дәлел. Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Онтүстігін байланыстырушы желісі – «Ұлы Жібек жолы». Осы тақырып төнірегінде баяндамалар оқылып,  сұрақтар қойылып, студенттер пікірлерімен бөлісе отырып, патриоттық сезімдерін күшейтуге септігін тигізді.

 

Балалар ауыруларының пропедевтикасы.

Жарияланды: