«Халықаралық сыбайлас жемқорлық » атты тақырыпта тәрбие-сағаты

Семей мемлекеттік медицина университетінде қараша айының 27 күні Филология пәндер кафедрасының  оқытушысы Берикханова А.Е ұйымдастыруымен  116-топ ЖМ факультетінің студенттерімен  «Халықаралық сыбайлас жемқорлық » атты тақырыпта тәрбие-сағаты жүргізілді. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсанда атап өтілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықаралық күні қарсаңында өтті.Тәрбие-сағат мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау, жолын кесу және тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылды. Іс-шара барысында «Жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында баяндама оқылды. Топ студенттері белсенді түрде қатысып, пікірлер тыңдала отырып, ұсыныстар енгізілді. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында бұл дерттің қаншалықты қауіптілігі туралы сөз қозғалды. 

 

  Филология пәндер кафедрасының    оқытушысы Берикханова Айжан Ежехановна

 

Жарияланды: