“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті” күніне арналған кураторлық сағат.

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті” күніне арналған кураторлық сағат.

30.11.18 күні ЖМФ-нің 316 ҚДС 301 топ студенттері мен топ кураторы  Б.Қ.Сыдықова-мен кездесу өтті. Кездесу алдағы “Тұңғыш Президент” күніне арналды.

316 топ студенті Аймахан Е.Ө. мен 301 топ студенті Сембекова М.  өздерінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің өмірбаян, саяси мансабы және отбасылық жайлы әңгімелеп берді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан қазіргі президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пайдасына өз таңдауын жасады. Оның стратегиялық таланты, алға қойған мақсаттарға жетудегі көрегендік пен табандылық күші қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының басты белгісі және оның әлемдік қоғамдастықта мойындалған табысы- еліміздің сенімді дамуына жол болды.2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет өзінің жаңа мемлекеттік мерекесін – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтті. Бұл күн халық пен ел үшін өте маңызды, себебі Ұлт көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басымдықтарын қамтамасыз етіп, нақты егемендікті жариялап, елдің сыртқы әлеммен танылуына қол жеткізді. Мемлекеттік тәуелсіздікті жариялау – бұл бүкіл халықтың ғасырлық арманы. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен заманауи демократиялық мемлекет ретінде танылды.

Кураторлық сағат соңында қатысушылар, Президенттің еңбегін мойындау – өркениетті қоғамның мәдениетінің бөлігі және оның тарихына құрмет белгісі екенін айтып қорытындылады.

 

Топ кураторы:Сыдықова Б.Қ.

Топ старостасы:Мубаракова К.Е.

 

Жарияланды: