«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылау мақсатында өткізілген кураторлық сағат.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылау мақсатында өткізілген кураторлық сағат.

«Төл тарихын білетін, бағалайтын, мақтан тұтатын халықтың зор болашығының бар екеніне кәміл сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» – ҚР Президенті Нұрсылтан Ә.Н.

2018 жыл, қараша айының 30-шы жұлдызында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау және дәлелді медицина кафедрасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді. Талқылауға Сыдықова Б.Қ. кураторлық Жалпы Медицина факультетінің 316 тобы және Денсаулық сақтау факультетінің 301 топ студенттері қатысты.

Мақала бойынша доклад қорғаған студенттер мақала мазмұнын, жалпы мақсатын аудиторияға жеткізіп,мақаланың негізгі ұстанымы «ұлттық тарихқа жаңа көзқарас» екендігін түсіндірді.

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар аз болмады. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз қажет. Яғни, ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.

Өткізілген шара соныңа жеткенде, қатысушылар «Ұлы даланың жеті қыры» бұл, қазақ халқы тарихы, үлкен тәжірибе мен білім, дәстүр, мәдениет екенін қорытындылады.

 

Топ кураторы:Сыдықова Б.Қ.

Топ старостасы:Мубаракова К.Е.

 

Жарияланды: