«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»

Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" жолдауы аясында   2018 жылдың 29-ші қараша  күні Семей  медицина университетінің м.ғ.д профессор  С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы  Советов Б.С.  жетекшілігімен  және кафедра еріктілері,  жалпы медицина факультетінің 231, 233 топтары студенттерінің ұйымдастыруымен     1-желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. құрметіне   «Елін сүйген, елі сүйген –  Елбасы» атты интеллектуалды-шығармашылық сайыс  өтті.  Бұл сайысқа жалпы медицина факультетінің 220,234, 239, 238  топтары қатысты.  

      Сайыс  алдында биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі  Олжаева Р.Р.  оқытушылар мен студенттерді айтулы мерекемен құттықтады. Сайыс шарты бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, «Елін сүйген, елі сүйген –  Елбасы»  тақырыбында қолөнер туындысын дайындап, ақындар мүшәйра сайысында өз шығармашылығымен бөлісті, интеллектуалдық ойында білімдерін шыңдап,  "Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар" жолдауы  аясында өз идеяларын ұсынды.  Сайысқа қатысушыларға  м.ғ.д профессор  С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Абленова А.Т., оқытушылар Муртазина Д.Д., Елемесова Ж.Г. әділ төрелік етіп, өз бағаларын берді.  Сонымен қатар мерекелік шарада Семей медицина университеттінің талантты студентері де өнер көрсетті.

    Білімділер мен біліктілер сайысында "Ең үздік қолөнер туындысы" номинациясымен 234-топ, "Ең білімді топ" номинациясымен 238-топ, "Ең жарқын идея" номинациясымен 220-топ, "Ең үздік топ" номинациясымен 239-топ марапатталып, 220-топ студенті Талғатова Бекзат "Сөз шебері" номинациясын ұтып алды.  

     Сайыс соңында Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, тәрбие жұмысына жауапты Сыдыкова К.Т. шараға қатысушылар мен ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, кафедра атынан алғысын, ізгі тілектерін  білдірді. Ал біз осы сәтті пайдалана отырып, Семей медицина университеті ұжымы мен студенттерін және барша Қазақстандықтарды тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз өркендеп, көркейе берсін!

 

231, 233 ЖМ студенттері, куратор Советов Б.С.  

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір