Интерн-педиатрлар университеттік госпитальде ата-аналарға ақпараттық баяндама оқыды

Семей медицина университеті Университеттік госпиталінің педиатрия бөлімінде ем алып жатқан балалардың ата-аналарына Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасында ассистент Л.Т. Келдібаева басшылығымен интерн-педиатрлардың дайындауында ақпараттық баяндама жасалды.

704-топ интерні Н.Е. Омарова «Рахит ауруының профилактикасы» тақырыбында және 704-топ интерні Ж.Б. Садықова «Неонаталды сарғаюдағы Крамер шкаласы туралы түсінік. Фототерапияны жүргізу техникасы» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Баяндама тақырыптары педиатриялық бөлімде ем алып жатқан балалардың нақты диагнозы негізінде алынды. Баяндама барысында ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Соңында берілген ақпараттың түсінікті және маңызды болғанын айтып, жылы лебіздерін білдірді.       

 

 

  Кафедра ассистенті: Л.Т. Келдібаева

  704-топ интерн-педиатрлар: Н.Е. Омарова, Ж.Б. Садықова

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі