«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»

2018 жылдың 28-ші қарашасында «Рухани жаңғыру» аясында қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 101,102 топтары Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Топ кураторы Кусаинова К.Т. осы тақырыпта презентация дайындап, студенттерді таныстырды. Презентацияда Елбасымыз кеңістік пен уақыт өлшемі негізінде ұлт тарихына терең шолу жасап, Ұлы даланың жеті қырының мағынасын, мәнін анық ашып көрсетті.

Қазақ халқы ежелден атқа мініп, жылқыны қолға үйретіп, жылқы шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан және бұл қазақ халқының өмірінің ажырамас бір бөлігі. Елбасы Қазақ­станның тау-кен өндірісіне тоқталып кетті. Ұлы даланың жеті қырының бірі- әлемге сенсация болған жаңалықтың бірі- 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» және Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне айналған- Ұлы Жібек жолының маңызын ашып кетті.

Қазақстанның тағы бір мақтанышы- еліміздің алмасы мен қызғалдағына тоқталды. Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру, қазақ ұлтының өнерін көркейтіп, өркендету керек екендігіне тоқталды.Ұсынылған презентациядан студенттер жақсы әсер алды.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы 101,102 топтарының кураторы  К.Т.Кусаинова.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір