«Қыз Жібектің» кезекті отырысы

           27.11. 09 күні «Қыз Жібек» қыздар  ұйымының кезекті отырысы болып өтті.  Отырыстың негізгі тақырыбы «Сән және талғам». Аталған іс-шараны  клуб мүшелері, «Жалпы медицина» мамандығының  235 топ қыздары өткізді. Алғашқы сөзді бастаған Жұрымбаева Аяжан мен Бағланова Гүлнұр, Ахмадиева Айнұр  мен  Тұрарова Дина  өздерінің дайындаған презентация арқылы қазіргі кезеңнің үздік сән туындылары туралы мәлімет берді,   биылғы жылғы сәнге айналған киімдер үлгілеріне тоқталды, сонымен бірге  қыздардың  талғаммен киінудің ережелерімен де таныстырып өтті. . Ахмадиева Айнұр мен  Тұрарова Дина  осы тақырыпта бірнеше видеороликтер көрсетті. Әрі қарай  Касымова Айым киімге жарасымды етіп шарф тағудың түрлі әдіс-тәсілдерімен көрсетіп өтті.

            Әр уақытта киімді бір – бірімен дұрыс үйлестіріп кию үшін ерекше талғамды қажет ететіні белгілі. Себебі біздің сырт-келбетіміз біз туралы көп мағұлмат береді. Егер ескі сәндегі киім кисек, өз жасымыздан анағұрлым үлкен көрінеміз. Сонымен қатар бұл сәнді емес. Ал көпшілігіміз мән бере бермейтін сән мәселесі жақсы жұмыс табуға, қызметіңізде жоғарылауға немесе өмірлік жарыңызды кездестіруге көмектесуі мүмкін. Осы тақырыптың таңдап алыну себебі де сол. Отырыс барысында ғаламтордан алынған таңдаулы лайфхактар туралы видео – роликтерді Сұлтабаева Балжан, Зайсанова Гүлім, Қыдырмолдаева Қарақат  ұсынды. Отырысымыз әрі қарай қаламыздағы ірі сауда кешендерінде өткізілетін жеңілдіктер маусымы туралы ақпарат алмасумен жалғасты. Сонымен бірге қыздар дене бітіміне қарай  киімді таңдау және оның  ережелері туралы  өзара пікір алмасты. Аталған іс-шара болашақ  дәрігер, болашақ жар, болашақ ана қыздарымызды  әсемділікке тәрбиелеуге, эстетикалық талғамдарын дамытуға  бағытталды.

 

235 топ  студенті Бағланова Гүлнұр,

    ұйым жетекшісі  Табулдинолва Г.Н.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар