«Елбасы елімнің-тірегі»

«Елбасы елімнің-тірегі»

      Қараша айының 30 жұлдызында стоматология факультетінің 406 топ студенттері топ жетекшісі Г.С. Абылкаировамен 1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне арналған «Елбасы елімнің-тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы күн, міне соңғы жылдары Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр.Студенттер Елбасының отбасы және балалық шағы,қызмет жолын,кітаптары,ғылыми еңбектері туралы ақпараттармен бөлісіп кетті.

Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар – намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ақпаратты дайындаған: 406 топ студенті  Нурланова Аида

Жарияланды: