Темекінің денсаулыққа зияндығын дәріптеу мақсатында дәріс

2018 жылдың қараша айының 15-і күні Патологиялық анатомия және сотмедицина кафедрасының атынан 318 топ ЖМ студенттері №15 мектептің 8 “Қ” сыныбының оқушыларына темекінің денсаулыққа зияндығын дәріптеу мақсатында дәріс өткізді.

Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, семіруден сақтандырады, көңіл-күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқы болатыны белгілі. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.

“Қазақстанның болашағы жастар” деп елбасымыз жастарға сенім арттырып отыр. Бірақ біз жастар мұндай жаман әдеттерге үйір болсақ, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ.

Жарияланды: