«Біздің Елбасымыз» – атты тақырыпта тәрбие сағаты

2018жылдың 29қаршасында госпитальды терапия кафедрасының интерн-терапевттері  арасында «Біздің Елбасымыз»- атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып жастарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Мемлекет басшысы ден­саулық сақтау және медицина ғылымдарының озық жүйесін құру, дені сау ұлт қалыптастыру мін­детін алдыға қоя отырып, сапалы денсаулық сақтау жүйесі – ел дамуының айрықша факторы екенін атап өтті. Медицина саласындағы істеліп жатқан іс-шара­лар Қазақстанның ішкі қажет­тіліктеріне ғана емес, адамзат да­муының заманауи үрдістеріне өз септігін тигізуде.

Госпитальды терапия кафедрасы.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір