«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау конференция

Эндокринология кафедрасы базасында 2018 жылдың 28-ші қараша күні кафедра ассистенті Д.Е. Жангирова, оқу меңгерушісі А.А. Рахыжанова басшылығымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қараша күні жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау конференциясы өткізілді. Талқылауға 701, 702-топ интерн-терапевттері, резидент-эндокринологттар, сондай-ақ кафедра  оқытушылары қатысты. Конференцияның өткізілу мақсаты: мемлекет басшысы мақаласының құрылымымен, негізгі бағдарларымен таныстыру, білім алушылардың рухани потенциалын және патриоттық сезімдерін арттыру.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логикалық және конструктивті жалғасы болып табылады. Мақала уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарына қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз. Елбасының мақаласында қазақ елінің тарихи жаңғыруына үлкен мән беріліп, ғылыми жақсы талдаулар жасалған. Президент атап өткен Қазақстан тарихын зерттеу және қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған алты жаңа ірі жоба ғылым, мәдениет және өнер дамуына жаңа серпіліс береді.

Жарияланды: