«Бюджетті тиімді пайдалану және ақша үнемдеу тәсілдері» тақырыбында кураторлық сағат.

2018 жылдың 27 қараша күні Семей медицина университетінің дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері, кураторы қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның қатысуымен, «Бюджетті тиімді пайдалану және ақша үнемдеу тәсілдері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат барысында 232 топ студенті Ермуханбетова Фатима «Бюджетті тиімді пайдалану және ақша үнемдеу тәсілдері» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама мақсаты жастарға бюджетті тиімді пайдалану және ақшаны үнемдеу туралы кеңестер беру болды.

Кураторлық сағат барысында студенттерге өте көптеген пайдалы мағұлыматтар берілді, сонымен қатар студенттер қойылған ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар топ кураторы қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовна өзінің өмірлік тәжірибесі бойынша студенттерге кеңесін берді. 

Жарияланды: