«Елі сүйген, елін сүйген елбасы» тақырыбында Алғашқы Президент күнін мерекелеу.

       2018 жылдың 27-қараша күні балалар жұқпалы аурулар кафедрасында кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев басшылығымен  «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» тақырыбында алғашқы президент күні мерекесі өтті.   Балалар  жұқпалы аурулар кафедрасының ПМҚ, Семей қ. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының әріптестері, резидент-инфекционист 201 тобы, резидент-педиатр 201 тобы, 707 және 708-топ интерн-педиатрлар және «Жалпы медицина» 4-курс студенттері мерекеге қатысты (412, 425, 444 топтары).

      Семей қ. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директор қызметін атқарушы Каржаубаева С.Р. өзінің әріптестерін мерекемен құттықтады. 

       Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолын балалар жұқпалы аурулар кафедрасының завучы А.А.Мансурова презентация көрсетіп таныстырып шықты. Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Елбасымыз мектеп озаты, өте еңбекқор және спортпен айналысқанды ұнатқан. Орта мектептен кейін өмір жолын 1960жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында металлург қызметінен бастаған. 1991ж. 1-желтоқсанда қазақ халқының 98,7 пайыз дауыс қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланған. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Елбасымыз басшылығымен 1995 жылдың тамызында конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген. 2018ж. 5-і қазанында Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауын жариялады. 

Мерекеде «Жалпы медицина»  412,444 және 415-топ студенттері ән айтып, күй шертіп, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Мерекенің арасында қатысушыларға елбасымыздың өмір жолынан  әр-түрлі сұрақтар қойылып ойын ойнатылды.

Мерекенің соңында Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі  И.М. Эфендиев елбасымызға амандық тілеп, мемлекетіміздің әрі қарай гүлдене беруіне тілектес екенін айтты.

 

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы.

Тәрбие жұмысына жауапты, ассистент  Э.М. Ержигитова 

Жарияланды: