«Артериалды гипертензиясы бар науқастардың өмір сапасын бағалау» тақырыбындағы ғылыми жоба

2018 жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында 327-топ студенттері мен ғылыми жетекші «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы оқытушысы Қайдарова Сая Балташевнаның қатысуымен ғылыми жоба бойынша алдағы уақытта жүргізілетін жоспарларды талқылау жиыны өтті. Жобаның тақырыбы – «Артериалды гипертензиясы бар науқастардың өмір сапасын бағалау» болып табылады. Болашақта бұл жоба  шамамен  2 жыл көлемінде жүргізу жоспарланды. Негізгі мақсаты: Артериалды гипертензиясы бар науқастардың өмір сапасын бағалау. Артериалды гипертензия мен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жоғарылату бойынша нұсқаулар құрастырып, тәжірибелік медицинаға енгізу, ұсыну арқылы практикалық маңызын  ашамыз. Алдағы уақытта жобаға қатысатын студенттер жобаның  негізгі әдістерін, сонымен қатар, болашақта жүргізу жоспарларын талқылап шықты.

 

«Жалпы медицина» мамандығының

3-курс студенті

Баяхметова Зауре

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының оқытушысы

Қайдарова Сая Балташевна

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі