Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі

2018 жылдың 30 қарашасы күні Семей қалалық перинаталдық орталығында акушерия және гинекология кафедрасында Рыспаева Жанылсын Альмуратовнаның жетекшілігімен 406-жалпы медицина факультетінің студенттерінің қатысуымен  «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында Тұңғыш президент күні аталып өтілді. Іс-шара барысында елбасымыздың өмір жолы туралы презентациялар таныстырылып, топ студенттері өз шығармашылығынан жыр шумақтарын тарту етіп, ұжым мүшелерімен қызықты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Топ студенттерінің бірлесе шырқаған әсем әнімен мереке өз мәресіне жетіп, ұжым мүшелері өз ризашылықтарын жеткізді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі