Бірінші Президент күні

Бірінші Президент күнін қазақстандықтар желтоқсанның 1-ші жұлдызында тойлайды. Бұл күні республика ауқымында мерекелік іс-шаралар өтеді. Осы орайда ЖМ мамандығының 302 топ студенттері мерекелік іс-шаралардан тыс қалмады.  Ю.В.Пругло атындағы патологиялық атаномия және сот медицина кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты  Апбасова Саулеш Аxатовнамен бірге “Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Елбасының өмір жолы “Балалық шағымның аспаны” атты бейнефильмі көрсетіліп, “Қазақстандықтарды әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты жолдауы талқыланды.

________________________________________

 “Жалпы медицина” мамандығының 302-топ студенті Мадриков Қ. Е

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір