«Жетім көрсең жебей жүр»

Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Алайда, соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап  жүргендер қаншама? Ресми деректереге сүйенсек 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп  ер жетуде! 

Жанашыр жақыны жоқ, бесікте жатып анасының ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген бала қандай болмақ?!

Он жетінші қараша күні Семей қаласының медицина университетінің жалпы медицина факультетініңс 330 топ студенттері кураторыТ.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының аға оқытушысы Кулямирова Жанар Орынтаевнамен бірге  КМҚК Семей қаласының балалар үйіне барды. Негізгі мақсат- балалардың біраз көңілін аулап, оларға өз махаббаттарын көрсетіп , көңіл бөлу. Топпен бірге өзін-өзі тану бойынша бапкер  Теңізбаева Алма Ахметқызы тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Болашақта елімізде балалар үйінің саны азаяды деген үлкен үміттеміз.Ал біз,жастар қауымы, әрбір мүмкін болған жағдайда осындай  балаларға қолдау көрсетіп,қол ұшын беруге әрдайым дайын болғанымыз жөн.

 

Жалпы медицина факультетінің

330 топ студенті Мырзагалиева Айша

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі