Емтихан алдындағы синдром. Қалай психологиялық тұрғыда дайындалу керек?

Емтихан алдындағы синдром. Қалай психологиялық тұрғыда дайындалу керек?

 Емтихандар – бұл әрқашан да стресс, алаңдау және толқу болады. Емтихан алдындағы синдром, кез келген мектеп оқушысына және студентке таныс. Барлық тақырыптар жақсылап оқылып, жадыда тұрса да, толқу, қорқыныш және жүйке жүйесінің әсерінен болатын діріл ешқайда кетпейді. Бұны қалайша жеңіп және емтиханға моралды түрде дайындалуға болады?

Біріншіден тыныштандыратын дәрілерден бас тартқан жөн, өйткені олар зейінді тежеп, қабылдауды нашарлатады. Сондай-ақ көп мөлшерде кофе және энергетикалық сусындарды ішуді азайтқан немесе мүлдем тоқтатқан дұрыс болады.

Әдетте емтиханға дайындалуға 3-4 кун беріледі, сондақтан осы уақытты толыққанды соған арнаған абзал. Дайындалу керек сұрақтарды немесе тақырыптарды берілген уақытқа тең қылып бөліп тастау керек. Сонда есте сақтау керек материалдар көп болмайды. Білім – бұл, ең бастысы, сенімділік және ішкі жан тыныштығы. Әрине, ең оңайы, семестр бойы жақсылап оқып, ал емтихан алдында тақырыптарды қайталау анағұрлым оңай. Сондықтан пәнді семестр басынан оқуды қолға алған дұрыс.

Емтиханға дайындық барысында қысқа, бірақ жүйелі үзілістер және толыққанды дем алу – шаршау мен зорығудың алдын алудың жақсы жолы болып табылады.

Емтиханның тура алдында толықтай назарды басқа жаққа аударған дұрыс деп психологтар кеңес береді. Серуендеңіз, кино көріңіз, музыка тындаңыз, ұйқыңызды қандырып, таңертең бірақ ертерек тұрып, басты-басты сұрақтарын қайталаңыз.

Сенімділіктің кепілі – ішкі жинақылық. Емтиханға кешікпей, 15-20 минут етке келген жөн. Осы уақытта жан-жағыңызға қарап, сынаққа психологиялық жағынан дайын далуға мүмкіндік болады. Әбігерленіп, есік алдында лекцияларды оқып, бір нарсені білуге тырыспаңыз, осындай жағдайда ақпаратты есте сақтау өте қиын, сондай-ақ бұл стресс деңгейін жоғарылатып, үрей (паника) туындауы мүмкін. 

Бастысы – сенімділік қадам, сенімді сезіну. Егер қандай да бір ырымдар, жөн жоралғыларға сенетін болсаңыз, соларды орындаңыз, бұл да белгілі дәрежеде сенімділік сыйлайды.

Егер емтиханға мұқият дайындалған болсаңыз, біліміңізді міндетті түрде дәлелдей аласыз!

Есіңізде болсын!!! Пән саясаты бойынша емтихандарға ұялы телефондарды, i-Pad,басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын алуға тыйым салынады. Білім алушы ұялы телефонды, i-Pad, шпаргалкалар және б.  еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, тест аяқталады, осы пән бойынша «0» бағасы қойылады, басқа пәндер бойынша басталмаған тестілер жалғастырылмайды.  

P.s. Сайтта «психологиялық қолдау қызметі» тегі арқылы өтіп, «Есті жақсартуға көмектесетін қарапайым кеңестер», «Стресс-бұл өмір» атты мақалаларды да оқуды ұсынамын.

Психолог-социолог Асылбекова А.М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі