1-желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні.

1-желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні. Бұл күні ДСҰ, БҰҰ және басқа да қайырымдылық ұйымдары ауқымды шаралар өткізеді. Оның мақсаты: қоғамның назарын ЖИТС-тің алдын алу және емдеу мәселелеріне аудару және халықты барынша ақпараттандыру. Осы орайда қараша айының 28 күні 302 топ ЖМ факультетінің студенттері, Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Апбасова С.А жетекшілігімен Семей қаласы 37 гимназиясының 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл жиында студенттер ЖИТС жайлы жалпы мәліметтер беріп, оқушылары ұызыұтырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара нәтижесін бағалау үшін сауалнама жүргізілді. Жүргізілген іс-шараның оқушылар үшін пайдалы әрі қызық болғандығы сауалнама қорытындысы арқылы білінді. Соңында оқушылар студенттерімізге мамандықтары мен университетіміз жайлы сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір