9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

Семей мемлекеттік медицина университеті ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында 30.11.18ж, доцент Оразалина А.С. кафедра менгерушісімен және кафедра оқытушылары мен «Жалпы медицина» мамандығы 104, 112 топтарының бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кураторлық сағаты» өткізілді. Біздің медициналық университетімізде «Сыбайлас жемқорлық жол жоқ» ұранымен жүргізілген сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы презентация қаралып, әрбір азаматтың негізгі міндеті – жемқорлықты төмендету болып табылатыны жайлы айтылды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында бұл мәселе маңызды екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін біздің еліміз заң аясында тез әрекет етуге тырысады.

Оқу сағатын қорытындылай келе: Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және бүкіләлемдік және әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызуға болады, оның мемлекеттік құрылымы мен дәстүріне қарамастан кез келген елде зиянды әсерлері болатыны белгілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің ортақ міндетіміз!

 

Бауыржанқызы Аяулым,

"Жалпы медицина" мамандыгының 112 топ студенті

Жарияланды: