Желтоқсанның 1-і – Дүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күні

Желтоқсанның 1-і – Дүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күні

2018 жылдың 4-ші желтоқсан күні «Қоғамдық денсаулық мектебі» белсенділерімен
« Дүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне» орай  тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты, студенттерге ЖИТС-тің қазіргі таңдағы әлемдегі басты проблемалардың бірі екенін,адам өмірі үшін қауіп-қатерлі,жұқпалы екенін және одан сақтану жолдары туралы түсіндіру.  ЖИТС әлемдегі басты инфекциялық аурулардың бірі болып есептелгендіктен адамдардың осы қатерлі індетке байланысты жеткілікті мағлұматтары болуы керек. Және осы  ауруды бақылау мен оның алдын алудың бірден-бір жолы- халықты жаппай хабардандыру. Шара барысында студенттерге «ЖИТС-пен күресейік!», «ЖИТС-ке жол жоқ» атты брошюралар таратылып,видеороликтер көрсетілді. 
1 желтоқсан БҰҰ тарапынан «ЖИТС-пен күресудің әлемдік күні» деп жарияланған. 27 жыл бұрын бұл күн күніне мыңдаған адамның өмірін қиятын әлемдегі жұқпалы аурулардың ең басты түрімен күресу күні деп аталды.

 

Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы 303 топ ҚДС

 

Жарияланды: