Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау

2018 жылы 30 қарашада ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған кураторлық сағат өтті. Талқылауға 104, 112 кураторлық топтар мен кафедра меңгерушісі доцент Оразалина А.С. және кафедра оқытушылары  қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының логикалық және конструктивті жалғасы. Ол біздің азаматтарымыздың рухани әлеуетін және патриоттық сезімдерін ашуға, оның мәдени, тарихи және көркем мұрасына еліміздің ұлттық рухани кодексін сақтауға бағытталған. Мақалада біздің қоғамымыз бен жалпы еліміздің одан әрі дамуы үшін өте маңызды тарихи, ғылыми және моральдық нұсқаулар айқын көрінеді. Президенттің Қазақстан тарихын зерделеуге және Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған алты ірі ауқымды жобалары ғылымды, мәдениет пен өнерді дамытуға жаңа серпін береді. Президентіміз өз тарихын білетін, бағалайтын және мақтаныш көретіндерге еліміздің болашағы үшін әрдайым сенім артады. Біздің тарихымызды қайта қарау – біздің халқымыз үшін, ең алдымен, жастар үшін жаңа әлем бейнесін қалыптастыру үшін аса қажетті дүние.

 

Бауыржанқызы Аяулым,

"Жалпы медицина" мамандыгының 112 топ студенті

Жарияланды: