КӨЛБЕУ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚ

26.09.18-30.09.18ж аралығында филологиялық пәндер кафедрасында оқытушы Н.М.Абешова   стоматология мамандығының 307,301,303,305 топ студенттеріне кәсіби қазақ тілі пәнінен «Тіс құрылысы» тақырыбында  кәсіби шет тілімен  бірге   көлбеу интеграциялық  сабақ өткізді.Шет тілінен көлбеу интеграциялық сабақты оқытушы Ж.А.Мухамеджанова жүргізді. Кәсіби қазақ тілі сабағында студенттер тіс құрылысын ағылшын тілінде қайталап, қазақ тілінде күрделі сөйлемдер құрады. Сабақ барысында  тақырыпқа байланысты сұхбаттар құрастырып, жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында студенттерден кері байланыс алынды.

 

Филологиялық пәндер   кафедрасының оқытушысы Н.М.Абешова 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі