«АЛАМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Мәңгілік ел жастары –индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасының студенттері арасында «Аламан» республикалық фестивалі 2018 жылдың 28 қараша күні Көкшетау қаласындағы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында өткізілді. Университетіміздің атынан Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Купанова С.А. жетекшілік еткен 3 курс студенті Айдана Бахатай қатысты.

Фестиваль 5 номинация бойынша өткізілді: «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында эссе жазу, «Таңдаған өңірім- болашағым»  тақырыбына презентация мен «Менің әлеуметтік жауапкершілігім»  атты әлеуметтік жоба қорғау болды. Қазақстаннның 20-дан астам университеттері мен 6 колледждерінен келген студенттер фестивальде бақ сынасты. Университеттің намысын қорғаған Айдана Бахатай  алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 

Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП

кафедрасының аға оқытушысы Купанова С.А.

Жарияланды: