«Жүректен журекке» жобасы

«Жүректен журекке» жобасы

Желтоксан айында әскери кафедра 3-4 курс студент курсанттары «Жүректен журекке» жобасы және 16 желтоқсан тәуелсіздік күні аясында  Семей қаласының Ұлы Отан соғысы мен Тылдағы еңбек еткен ардагерлерін хал жағдайын біліп, әлеуметтік қолдау көрсетті. Әр зводқа 3 ардагерден бекітілген болатын. Курсанттар  кездесу барысында ардагерлермен танысып, сұхбат жүргізді.

Ардагерлер бастан кешкен оқиғаларымен, өмірлік қиындықтарымен бөлісіп, тарихқа көз жүгіртті.Студенттер бір сәтке өткеннің толқынына бөленіп, рухани жанданды. Соннымен қатар, ардагерлерге медициналық бақылау жүргізіп, денсаулық сақтау жөнінде кеңестерін берді. Осы жоба студент-курсанттардың  Ұлы Отан соғысы және Тылдағы аянбай еңбек еткен ардагерлер естеліктерінің қауіпсіздігін сақтауға, паттриоттық  сезімдерін оятуға, сана сезіміне әскери рухты жандандыруға бағытталған болатын. Бұл жоба полковник Ринат Толеутаевич мырзаның қолдауымен жүзеге асырылды. 3 курс студент курсанттары белсенділіктерімен көзге түсті.

 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар