РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2018 жылдың 22 қарашасында Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасында дүниежүзілік философия күніне арналған «Рухани жаңғырудың философиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. 

2002 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымы жыл сайын қарашаның әр төртінші бейсенбісінде философия күнін атап өтуді ұсында. Бұл күнді ЮНЕСКО-ға кіретін 70 елдерде атап өтеді.  

Дөңгелек үстел барысында сана және қоғамдық сана ұғымдары гуманитарлық ғылымдар мен философия жағынан ашылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар философия тарихына көз жүгіртіп, қоғамдық санна туралы қазіргі түсініктермен сараптау жүргізілді.

Кафедра меңгерушісі Г.М.Сергазина жоғарғы оқу орындарында мамандардың қалыптасуында гуманитарлық білімдердің маңыздылығына басты назарды аударды. Бұл ой елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласында атап өтілген болатын. Келесі сөз кезегінде аға оқытушы Д.М.Рыманов «Рухани жаңғыру: жолдар, әдістер, мүмкіндіктер» атқырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелде көтерілген тақырыптап бойынша пікірталасқа ҚазИГЗУ университетінің оқытушысы М.Т.Құдагелдин қатысты. Сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Ломанай Надежда Филипқызының бейнежолдауы көріп тыңдалды.

 

Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП

кафедрасының аға оқытушысы С.А.Купанова 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі