«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шара

Госпитальды терапия кафедрасында 602 топ интерн терапевттері ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шара өткізілді. Мақсаты –  интерндерді отаншылдыққа,  ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелей отырып, бәсекелестік, білім, ғылым, тұтастық,  ұлттық рух,  сана сөздеріне түсінік беру. Іс-шараға терапия мамандығының 6-7 курс интерндері мен ұстаздары қатысты.

 Шара барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының  бағыттары мен атқарылуы тиіс жобалары жайлы көптеген мәліметтер берілді. Тәуелсіздік алғалы тарихымыз қайта тіріліп, тіліміз қайта жаңғырғаны жайлы, ендігі бағыт – ұлттың жаңғыруы, рухтың жаңғыруы екендігін, ұлттық жаңғыру ұлт тамырынан бастау алатыны туралы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, айтылған мәліметтер осы бағдарлама төңірегінде, атап айтқанда «Қасиетті Қазақстан» жобасына сай ШҚО бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы бейнебаянмен толықтырылды. Жиын соңында  жас интерн-терапевтер ұлттың бүгіні мен келешегі, рухани құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алатынын басты назарда ұстайтындарын айтты.

 

Жарияланды: