6-7 курс дәрігер-интерндердің Павлодар облысының ПК «Екібастұз қаласының №1 поликлиникасы» жұмыс берушілерімен кездесу

6-7 курс дәрігер-интерндердің Павлодар облысының ПК «Екібастұз қаласының №1 поликлиникасы» жұмыс берушілерімен кездесу

7 курс ЖТД интерндерімен жұмыс берушілердің жыл сайынғы жәрмеңкелеріне дейін кездесу дәстүрге айналды. Бұл дәрігер интерндердің еңбек әрекетімен, біздің мемлекетіміздің әртүрлі аймақтарынан тәжірибелік денсаулық сақтау сұраныстарымен танысып, қызметке кіру барысында таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта  интерндердің алдыңдағы негізгі мақсат бұл- тәуелсіз емтиханды ойдағыдай тапсырып, жұмысқа кіру. Бұларда «қайдан бастау керек?», «қайда және кім болып жұмысқа орналасу керек?», «қандай әлеуметтік көмек көрсетілетіні жайлы», «жұмысқа орналасу кезінде келісімнің шарттары қандай?», «отбасымен көшіп баруға мүмкіндік бар ма?» және тағы көптеген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтар сондай-ақ ұстаздар мен ЖОО басшыларын да мазалайды.

Бұл мақсатпен дербестелген медицина кафедрасында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д, доцент Дюсупова А.А басшылығымен 6-7курс ЖТД дәрігер интерндері мен Павлодар облысының ПК «Екібастұз қаласының №1 поликлиникасы» бас дәрігері Амиркенов Ғалымжан Олжабаевичпен, ЖТД бөлім меңгерушісі Коченов Артем Николаевичпен, КДП бөлім меңгерушісі Жингулов Талғат Нұрлыбековичпен кездесу өткізілді. Жұмыс берушілер интерндерге қаламен, емханамен, жас мамандарға жасалған жағдайлары жайлы презентация ретінде баяндады.

Ұсынылған ақпарат интерндердің қызығушылығын тудырып, олар өте көп сұрақтар қойып, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтермелі қаражат, еңбек ақысы жөнінде жауап алды, ол еңбек жолып шыңдау үшін қажет. Бас дәрігер Амиркенов Бауыржан Олжабаевич жұмысқа 12 жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауға және жеке мамандарды біріншілік оқытуға дайын екендігін атап айтты. Жұмыс берушілердің ұсыныстары қызықтырған интерндер олармен байланыс орнатып,  бас дәрігер өзінің телефон номерін барлық дәрігер интерндерге берді. Кездесу соңында кафедра меңгерушісі мұндай кездесу қажет және заманауи екенін атап айтты. Бұл ЖОО бітірушілерге дұрыс шешім қабылдауға, өзін қажетті және бәсекелес маман ретінде қалыптасуға көмектеседі. Кездесу жылы достық лебізбен өтті.

 

                  

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі