Ақпан айының 12-сі күні университетімізде Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Астана қаласында өтетін «IQ Qazaqstan» интеллектуалдық тележобасына іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңі университеттің «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымының бастамасымен өткізілді. Бұл кезең 1-4 курс студенттерінің қатысуымен болды және 26 студент қатысты. Тапсырма ретінде байқау шарттары мен бағытын қамтитындай, әр түрлі ғылым саласына қатысты 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары берілді және ол тест ашық және жабық сұрақтармен қамтылды. Сонымен қатар студенттерге логикалық тапсырмалар да ұсынылды. Іркітеу кезеңінде комиссия ретінде «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерімен қатар университетіміздің өзге де студенттері ат салысты. Іріктеу барысында жүзден жүйрік шыққан 7 студент республикалық байқауға жолдама алды. Республикалық байқауға жолдама алған студенттер:
1.Ишанова Айтолқын 341,ЖМФ
2.Бижуманова Айдана 230,ЖМФ
3.Шәкіртханова Жанеля 237, ЖМФ
4.Бейсембаева Әсел 239, ЖМФ
5.Дидаров Омиржан 237,ЖМФ
6. Социалов Айдос 132,ЖМФ
7.Бектұрғанова Дина 227,ЖМФ
Сіздерге тек жеңіс пен сәттілік тілейміз!